• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №384 

293 рет
көрсетілді

2015 жылғы 10 желтоқсан, Астана қаласы «Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы №152 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» заңының 7-бабының 35-6) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Кітапханалар қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4748 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2007 ж., маусым, жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»; преамбула мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» заңының 7-бабының 35-6) тармақшасына сәйкес бұйырамын:»; 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.»; аталған бұйрықпен бекітілген Кітапханалар қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидалары: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары; 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртібін анықтайды.»; 1-1-тармағы мынадай мазмұнмен толықтырылсын: «1-1. Осы Қағидада мынадай түсініктер қолданылады: 1) аудиовизуальды материал (бұдан әрі - материал) – техникалық құралдардың көмегімен жаңғыртылатын бейнелеу, дыбыстық, мәтіндік ақпараттарды қамтитын тасымалдаушы; 2) баспа басылым - мерзімдік баспа басылым, сондай-ақ мәліметтер және (немесе) образдарды оқырманға (абонентке) оған әсер ету мақсатында жеткізуге арналған жазба, бейнелеу өнері, музыка, картография шығармаларын (шығармалар кешенін) қамтитын, редакциялық-баспалық өңдеуден өткен мұқабасы, түптемесі бар басылым (кітаптар, брошюралар); 3) Басылымның міндетті тегін данасы - құжат басып шығарушылардың Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында ұлттық кітапханаларға беруіне жататын, редакциялық-баспалық өңдеуінен өткен, шығарылым мәліметтері бар басылымының (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу) данасы; 4) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қоры сақталуға және оқырмандар мен абоненттерге уақытша пайдалануға беруге арналып қалыптастырылған құжаттардың реттелген жиынтығы.»; 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кітапханаларының, оның ішінде «ұлттық» статусы бар (бұдан әрі - кітапхана) кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, баспа басылымдары мен материалдарды сыйға тарту, кітап алмасу және мемлекеттік тапсырыс бойынша шығарылған кітаптарды тегін алу. Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу арқылы да қалыптастырылады.»; 4-1 -тармағы алынып тасталсын; 5-1 -тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5-1. Кітапханалардың кітапхана қорын сақтап қалуды қамтамасыз ету мақсатында баспа басылымдары мен материалдардың жиынтық және жеке есебі жүргізіледі.»; 12 -тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «12. Баспа басылымдары мен материалдарға берілген инвентарлық нөмірлерге өзгерту, түзету, алып тастау жүргізілмейді. Материалды жауапты қызметкердің ауысуына немесе жоғалу фактісі анықталған, қайта ұйымдастыру және кітапхананы жапқан жағдайда кітапхана қорына салыстырмалы тексеру жүргізіледі.». 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды; 3) осы бұйрықты ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақта қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12643 болып енгізілді.